Бас мүфти Мысыр министрімен кездесті

Фотография - Бас мүфти Мысыр министрімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары жалғасуда. Бас мүфти Уақыптар министрі Талаат Афифи Салиммен кездесті,- деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

150 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары жалғасуда. Бас мүфти Уақыптар министрі Талаат Афифи Салиммен кездесті,- деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

 

Дін өкілдері мұсылман әлеміндегі діни ахуалды тұрақтандырудың алғышарты – халықты жаппай сауаттандыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар діни басқармалар арасындағы әріптестік байланысты күшейту жолдары сөз болды.

«Алла тағала Құранда жақсы, игі істерде бір-бірімізге көмекші болуға бұйырды. Бізді ұлық мақсаттар ғана біріктіреді. Діни саладағы байланысымыз арта береріне сенемін», – деді Бас мүфти басқосуда.

Кездесу кезінде министр Талаат Афифи Салим Каир қаласындағы Бейбарыс бабамыздың мешітінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстары жайлы баяндап берді.

Министр Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, Мысыр мұсылмандары Ержан қажы Малғажыұлының әл-Азһар университетінің түлегі болғанын мақтаныш тұтатынын айтты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!