ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Парижде Халықаралық эпизоотикалық бюросының Бас сессиясында сөз сөйледі

Фотография - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Парижде Халықаралық эпизоотикалық бюросының Бас сессиясында сөз сөйледі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Халықаралық эпизоотикалық бюросының Бас сессиясында сөз сөйлеп, осы Ұйымының басшысымен және бірнеше елдің делегацияларының қолбасшылармен келіссөздер өткізді.

164 0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Халықаралық эпизоотикалық бюросының Бас сессиясында сөз сөйлеп, осы Ұйымының басшысымен және бірнеше елдің делегацияларының қолбасшылармен келіссөздер өткізді.

Франциядағы ҚР Елшілігінің хабарлағанындай, Ауыл шаруашылығы министрі бастаған қазақстандық делегация 26-28 мамырда Парижде Халықаралық эпизоотикалық бюросының (ХЭБ) Жыл сайынғы Бас сессиясында қатысты. Аталмыш  іс-шараға ұйымға  мүше 178 мемлекеттің мыңнан астам өкілдері жиналды.

ХЭБ және делегациялардың басшылары біздің елдің мал шаруашылығы және жалпы аграрлық секторды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар туралы баяндаған қазақстандық министрдің сөзін жоғары бағалады.

ХЭБ Бас директоры Бернар Валламен кездесуде Астанада аусыл індеті бойынша Орталық Азияға арналған үйлестіру орталығын ашу, елде аймақтық вакциналар банкін құру және мамандар дайындау мәселелері талқыланды. ХЭБ басшылығының ойынша, ветеринариядағы Қазақстанның саясаты аймақтың барлық елдері үшін малдардың қауіпті ауруларымен күресте үлгі болып табылады. Біздің ел ХЭБ-тың аймақтағы сенімді және ұзақ мерзімді серіктесі болды.

Сапар шеңберінде А.Мамытбеков Елші Н.Дәненовпен бірге Францияның Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Филипп Магэнмен келіссөздер өткізді. Ол қазақстан-француз аграрлық серіктестіктің әлеуетін толық ашуға қызығушылық білдірді. Институционалдық базаны құру, біріккен ауыл шаруашылығы жобалары, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі француздық тәжірибені тарту, Францияның жоғары мектептерінде біздің сарапшыларды оқыту жайы талқыланды.

Сонымен бірге, министр Француз азық-түлік және қоршаған ортаның санитарлық қауіпсіздігі агенттігінің бас ветеринарлық зертханалар мен зерттеу орталықтарын көрді.

А.Мамытбеков елшіліктің ұйымдастыруымен өткен қазақстан-француздық бизнес-семинарға қатысушы француздық агрокәсіпорындар басшылары алдында сөз сөйлеп, олардың сұрақтарына жауап берді. Франция аграршылары Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық, әкімшілік және нарықтық артықшылықтарына үлкен қызығушылық танытты, нақты екіжақты жобалар талқыланды.

Португалияның ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік хатшысы Нуно Виэйра э Бритумен болған жеке кездесуде А.Мамытбеков екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуроодақ және Кеден одағы елдерінің нарықтарына шығару жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді. Португалдықтардың қазақстандық бидай, балық өндіру салаларына қызығушылығы байқалды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!