ҮИИД бағдарламасының қаржысын игермеген шенеуніктер жазаланатын болады

Фотография - ҮИИД бағдарламасының қаржысын игермеген шенеуніктер жазаланатын болады

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап берген Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтты

235 0

Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының игерілмегені үшін облыс әкімдері мен құрылыс басқармаларының басшылары жазаланатын болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап берген Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтты.

«23 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы үкіметке 2012 жыл қорытындылары  бойынша аталмыш бағдарламамен бөлінген қаржының игерілмеу себептерін анықтауды тапсырған болатын. Біз қажетті жұмысты жүргіздік. Бір ай бойы барлық әкімдіктер есеп берді. Әрбір өңір бойынша қаржының игерілмеу себебін жекелеп анықтадық. Олардың барлығында жер алаңдары дайындалмаған, техника-экономикалық негіздеме уақтылы орындалмаған, тендерлер өз кезінде өткізілмеген болып шықты», - деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, осыған байланысты 2012 жыл қорытындылары бойынша ҮИИД бағдарламасын орындалмауына жауапты тұлғаларды жазалау туралы шешім қабылданған.

«Әкімдерге облыс әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшыларын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарымызды бердік. Аталған жұмыс нәтижесінде Қызылорда, Маңғыстау облыстарында әкім орынбасарлары жазаланып, қателеспесем Павлодар облысының құрылыс басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша сәйкес әкімшілік-тәртіптік шаралар қолданды. Жақында үкіметтің 1-ші тоқсан қорытындылары бойынша бағдарламаның іске асырылуын қарастырғанын білесіздер. Біз тағы да осындай мәселелерді қайта көріп отырмыз», - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша қаржыны игермеген өңірлердің қаражаты басқа аймақтарға жіберілетін болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!