31 мамырдан бастап «Астана – Щучинск» автомагистралі ақылы болады

Фотография - 31 мамырдан бастап «Астана – Щучинск» автомагистралі ақылы болады

31 мамырдан бастап Астанадан Бурабайға дейін жеңіл автокөлікпен жүріп өту ақысы 200 теңге болады деп хабарлайды Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі

414 0

31 мамырдан бастап Астанадан Бурабайға дейін жеңіл автокөлікпен жүріп өту ақысы 200 теңге болады деп хабарлайды Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.


«Астанадан Бурабайға дейін жеңіл автокөлікпен жүріп өту ақысы 200 теңге, яғни 1 километрге 1 теңгеден келеді. 1 километр жолды автобуспен жүріп өту оның отыратын орын санына сәйкес 5 пен 10 теңге, ал жүк машиналарына олардың жүк көтерімділігіне қарай 5 пен 20 теңге аралығында болады»,-делінген хабарламада.


Ведомствоның мәліметінше, мотоциклдерге бұл жол ақысыз болып қалады. Құтқару қызметі, жедел жәрдем, полицейлердің көліктері және жол бойында жұмыс жүргізетін техника жүріп өткені үшін ақы төлеуден босатылады.


«Жол бойындағы елді мекендерде тіркелген автомобильдерге 50 пайыздық жеңілдік ескерілген. Сонымен бірге олар өз аудандары аумағында тегін жүреді»,-деп атап көрсетілген хабарламада.


Жолмен жүріп өту ақысын енгізерде халықаралық тәжірибе зерттелді. Қазіргі кезде әлемдегі 30-дан астам елде ақылы жолдар бар. Оның ішінде Ресей, Белоруссия, Германия, Түркия, Малайзия және басқа елдерде енгізілген. Жоғары жылдамдықты магистральдерді күтіп ұстауға шығын көп кететіндігін ескерсек, ақы төлеуді енгізу республикалық бюджетке түсетін салмақты азайтып, одан босаған қаражатты басқа жолдарды жөндеуге жұмсауға мүмкіндік береді.


Автомагистраль 5 аймаққа бөлінген. Олардың ұзындығы жол бойындағы аудандардың аумақтық шекараларына байланысты белгіленген. Оларда көліктің қозғалысын тіркейтін арнайы аркалар орнатылған. Жолмен жүріп өтудің төлемақысы әрбір өткен аймақ тарифінен құралады.


Ақы төлеу механизміне келетін болсақ, жол бойындағы жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында ақы алудың аралас жүйесі енгізілген. Автокөлік иелері трассадан шыққан кезде терминал арқылы қолма-қол ақша (купюра және монета), банк карталары немесе арнайы транспондерлер арқылы төлей алады. Автокөлік иелеріне қолайлы болу үшін төлем терминалдарында қайтарым ақшаларын беретін түрлі номиналдары бар кассеталар орнатылған.


Машина аудандар арасында жүріп өткен жағдайда, төлем бақылау аркаларында есептеледі. Жүріп өту төлемін көлік құралы тіркелген мекенге жіберілген есепшот арқылы немесе транспондер арқылы дистанциялық тәсілмен де төлеуге болады.


Жүріп өту төлемін өтеу бекеттерінде кезек кептелісін болдырмау үшін бастапқы кезде кеңесшілер жұмыс жасайды. Олар жүргізушілерге терминалды қолдануға көмектесіп отырады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!