Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық салалары едәуір кеңейеді

Фотография - Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық салалары едәуір кеңейеді

Мәжіліс мақұлдаған құжат Сенатқа жолданады.

152 0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен РФ арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Сенатқа жолданады.

Аталған шарт екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі ережелері, сондай-ақ интеграциялық бірігулер шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары көрсетілген Ресеймен ынтымақтастық жөніндегі басты құжат болып табылады. Хаттама бойынша шарттың мәтініне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, 34-баптың жаңа редакциясымен екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық салалары едәуір кеңейтіледі. Халықаралық қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, қаруды және есірткіні таратуға, контрабандаға және мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге қарсы күреспен қатар, заңсыз көші-қон, адам саудасы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық тереңдей түседі.

Бұдан бөлек, тағы бір өзгеріс бойынша егер Тараптардың бір де бірі Шарттан шығуға ниетті екенін мәлімдесе, оның қолданылу мерзімінің келесі онжылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылу мүмкіндігі көзделеді. Хаттаманы іске асыру Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына оң ықпал етпек.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!