Қазақстанның басым өңірлерінде маусымда коммуналдық қызметтерге тарифтер өзгермейді

Фотография - Қазақстанның басым өңірлерінде маусымда коммуналдық қызметтерге тарифтер өзгермейді

Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер маусымда көтерілмейді, деп мәлімдеді табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев брифингте жұмада

116 0

Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер маусымда көтерілмейді, деп мәлімдеді табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев брифингте жұмада.

«Ағымдағы жылғы маусымда республика бойынша жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау секілді реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтер көтерілмейді», - деді  Алпысбаев.

Ол электр энергиясының бағасы Маңғыстау облысында ғана өзгеретінін атап айтты.


«МАЭК-ҚазАтомӨнеркәсіп» ЖШС стансасының тарифі Ақтау қаласы бойынша 2,85-тен 3,19 теңге/кВт сағат және облыс бойынша 2,26-дан 2,80 теңге/кВт сағатқа дейін көтерілуіне байланысты аталған өңірде электр энергиясының бағасы Ақтау қаласының тұрғындары үшін 0,34 тиын/кВт сағатқа, ал облыс тұрғындары үшін 0,54 тиын/ кВт сағатқа өседі»,-деді Алпысбаев.


Оның айтуынша,  «МАЭК-ҚазАтомӨнеркәсіп» ЖШС стансасының тарифі 2006 жылдан бері көтерілмеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!