Оралда саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді

Фотография - Оралда саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Орал қалалық зиратындағы ескерткіш жанында азалы жиын болды

171 0

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Орал қалалық зиратындағы ескерткіш жанында азалы жиын болды.

Шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, бұл күннің Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін маңызы ерекше. 1921-1922 жылдары ашаршылықтан 1 млн. адам қаза болса, 1932 жылы 2 миллионнан астам адам қырылды. 1937 жылы тек қана Батыс Қазақстанда 880 адам саяси қуғын-сүргінге ұшырап, соның 360-тан астамы атылып кеткен. Бұл тек статистикалық дерек. Оның артында қаншама бұзылған тағдыр, жетім мен жесірдің көз жасы тұр. Оларды еске ала отырып, болашақта мұндай нәубетті болдырмау - ортақ парыз. Көп ұлтты Қазақстан халқы бір тудың астында жиналып, тәуелсіз еліміз тұрақты дамуы тиіс.

Жиында соғыс және еңбек ардагері, тарихшы-ғалым Павел Букаткин Орал педагогикалық институтының қуғын-сүргінге  ұшыраған оқытушылары мен студенттері туралы естелігін ортаға салды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша өкіл имамы Бауыржан Әлиұлы құрбан болғандардың аруағына дұға бағыштаса, Орал мен Ақтөбе архиепископы Антоний де христиандық діни рәсім-жоралғысын орындады. Соңынан жиналғандар ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!