Латвия Президенті Қарағанды облысына келеді

Фотография - Латвия Президенті Қарағанды облысына келеді

Қазақстанға ресми сапармен келе жатқан Латвия Президенті Андрис Берзиньш бүгін Қарағанды облысына аялдайды

150 0

Қазақстанға ресми сапармен келе жатқан Латвия Президенті Андрис Берзиньш бүгін Қарағанды облысына аялдайды, деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.

«Латвия Президенті А. Берзиньш Спасск мемориалды кешенінде қуғын-сүргін құрбаны атанған латыштарға арналған ескерткішті ашады», - деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметінде.

Ескерткішті әзірлеуге Қазақстандағы Латвия елшілігі,  Латвияның саяси қуғын-сүргін құрбандары қоғамы, «Латвияс дзелзцельш» және «Латвияс пастс» қатысты. Ескерткіш авторы - мүсінші Паулс Яунземс. Қолда бар мәліметтер бойынша, Спасскідегі лагерьде 1931 бен 1959 жылдар аралығында 1074 латыш болған.

Бұған дейін хабарланғандай, Латвия Президенті А. Берзиньш 2-4 маусым аралығында Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында жоғары деңгейде саясат пен экономикадағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ солтүстік көлік желісін одан әрі дамыту мәселелері талықаланады. 3 маусым күні А. Берзиньштің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ ол ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовпен және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездеседі.

Бұдан өзге, А. Берзиньш латвиялық-қазақстандық бизнес-форумға қатысады деп күтілуде. Оның мақсаты  жобаларды жүзеге асыру үшін екі ел кәсіпкерлерінің арасында тікелей байланыс орнату.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!