Қазақстан Сирия босқындарына жылжымалы шағын үйлер кілтін табыстады

Фотография - Қазақстан Сирия босқындарына жылжымалы шағын үйлер кілтін табыстады

Бас сауғалаушыларға жәрдем. Иорданиядағы Қазақстан Республикасының елшісі Болат Сәрсенбаев Сирия босқындарына 90 жылжымалы шағын үйлерді табыстады

205 0

Бас сауғалаушыларға жәрдем. Иорданиядағы Қазақстан Республикасының елшісі Болат Сәрсенбаев Сирия босқындарына 90 жылжымалы шағын үйлерді табыстады

Баспаналар Қазақстан Үкіметінің қаржысына алынған. Оларды ресми түрде табыстау рәсімі Иорданияның солтүстігіндегі «Аль-Заатари» босқындар лагерінде өтті. Иордания өкілдері еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді. Елші Болат Сәрсенбаев алғашқы 25 сириялық отбасына өз қолымен үйдің кілтін табыстады. Лагерьде қазір ұзын саны 230-дан аса бас сауғалаушылар бар. Елімізден берілген үйлер босқындар тұрған шатырларға қарағанда анағұрлым жылы және жайлы. Онда 500 адам тұра алады.

Болат СӘРСЕНБАЕВ, Иорданиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі:

- Иордания елінің қазіргі ахуалын біз жақсы білеміз. Сириядан бас сауғалаушыларды өз жеріне орналастыру мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық жағдайына қатты әсер етеді. Бұл жерде Король Абдолла екеуінің азаматтығын ерекше атап өту керек. Себебі өзге елдің босқындарына қамқорлық жасау – үлкен ерлікпен пара-пар.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!