Мемлекеттік БАҚ Әблязовтың әйелі мен қызының "депортациясы" туралы хабарлады

Фотография - Мемлекеттік БАҚ Әблязовтың әйелі мен қызының "депортациясы" туралы хабарлады

Мемлекеттік "ҚазАқпарат" агенттігі қуғындағы оппозициялық саясаткер, банкир Мұхтар Әблязовтың әйелі мен кәмелетке толмаған қызын Италиядағы Рим қаласының полициясы "Орталық Африка республикасының жасанды төлқұжатымен жүрген жерінде" ұстап, Қазақстанға "депортациялағанын" хабарлады. "ҚазАқпарат" "депортациялау процесі" бойынша нақты мемлекеттік органға сілтеме жасамайды.

145 0


Мемлекеттік "ҚазАқпарат" агенттігі қуғындағы оппозициялық саясаткер, банкир Мұхтар Әблязовтың әйелі мен кәмелетке толмаған қызын Италиядағы Рим қаласының полициясы "Орталық Африка республикасының жасанды төлқұжатымен жүрген жерінде" ұстап, Қазақстанға "депортациялағанын" хабарлады. "ҚазАқпарат" "депортациялау процесі" бойынша нақты мемлекеттік органға сілтеме жасамайды.

Агенттіктің жазуынша, Мұхтар Әблязовтың әйелі 47 жастағы Алма Шалабаева "Италия аумағында заңсыз жүрген".

31 мамыр күні кешкісін Мұхтар Әблязовтың атынан ашылған Facebook парақшасында оның әйелі мен қызын 29 мамыр күні "италиялық полиция ұстап, Қазақстанға экстрадициялағаны" туралы мәлімдеме жасалған еді.

Азаттық 1 маусым күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне хабарласқанда мекеменің баспасөз хатшысы бұл туралы ақпараты жоқ екенін айтқан. Ал Рим полициясынан қандай да бір мәлімет алу әзірше мүмкін болмай тұр.

"БТА банк" директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныс тепкен. Кейінірек Ұлыбритания оған саяси баспана берген еді. Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.

2012 жылғы ақпанда Лондон соты Мұхтар Әблязовті "сотты құрметтемегені" үшін 22 айға қамауға алып, активтерін құрсаулауға үкім еткен еді. Онымен келіспеген Әблязов наурызда апелляциялық шағым жазған. Қараша айында Ұлыбританияның апелляциялық соты ақпанда шығарылған шешімді күшінде қалдырған.

Бұған дейін Мұхтар Әблязовқа қарсы Ресейдің заң орындары да қылмыстық іс қозғап, 2010 жылы Мәскеу соты оны тұтқынға алу туралы сырттай үкім еткен еді. Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Ол соңғы жылдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басты сыншыларының бірі ретінде танылды. Қазір бизнесменнің қайда екені белгісіз.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!