Биылғы жазда қазақстандық Peugeot автокөлiктерінің өндiрiсi басталады

Фотография - Биылғы жазда қазақстандық Peugeot автокөлiктерінің өндiрiсi басталады

Бүгiн Астанада PSA Peugeot Citroen компаниясы, "АгромашХолдинг" АҚ және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою шарасы өттi.

278 0

Бүгiн Астанада PSA Peugeot Citroen компаниясы, "АгромашХолдинг" АҚ және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою шарасы өттi.

"Қазақстанда Peugeot жеңiл автокөлiктерi мен коммерциялық көлiктерді шығара бастау 2013 жылдың шiлде айына жоспарланып отыр. Автокөлiк Қостанай қаласында "АгромашХолдинг" АҚ базасында шығарылады. Орташа өндіріс көлемi жылына 4 мың бiрлiктi құрайтын болады. Жоба аясында 150 жұмыс орны ашылады", - дедi ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев меморандумға қол қою рәсiмiнде.

Болашақта Peugeot автокөлiктерiнiң Қазақстандағы сатылымы жылына 10 мың бiрлiктен асып жығылуы мүмкiн.

Қазақстанда құрастырылған алғашқы Peugeot автокөлiктерi сатылымға 2013 жылдың қыркүйек айында түседі. Жобаның бiрiншi кезеңiнде Peugeot 301, Peugeot 3008, Peugeot 508 және Peugeot Partner модельдерi өндірілетін болады.

"Айта кетейік, елімізде Үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы iске асырылғалы берi машина жасау өндiрiсi үш есеге артып, былтыр 657 млрд. теңгеге жеттi. Биыл оның көлемiн 800 млрд. теңгеге жеткiзу жоспарлануда. Ал 2015 жылы ол 1 трлн. теңгені құрайды деп күтiлуде. Қазiргi таңда машина жасау саласында 7 өндiрiс орны құрылған", - деп атап өтті Ә.Исекешев.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!