Қазақстанның ДСҰ-ға өтуіне Еуроодақ қолдау көрсетеді

Фотография - Қазақстанның ДСҰ-ға өтуіне Еуроодақ қолдау көрсетеді

 Бұл туралы Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен кездесуден кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

180 0

Еуропалық комиссия төрағасымен кездесу барысында Еуроодақтың Қазақстанның ДСҰ-ға өтуіне қолдау көрсетуі және Еуропа елдерімен визалық режим жүйесін жеңілдету мәселелері қаралды. Бұл туралы Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен кездесуден кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімді тезірек қабылдау мәсселесін қарап өттік. Екі тарап арасындағы шешілмеген мәселелер бар. Еуропалық одақ жағынан Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына өту мәселесіне қолдау көрсету, екіншіден біздің ұшақтарды Еуропаға ұшуға қарсылық жасамау мәселелерін қарау, үшіншіден виза мәселесінде Қазақстанға басқа көзбен қарап, жеңілдік жасау жайы келісілді. Оның ішінде гуманитарлық мәселелер, тәжірибе алмасу, жастарды оқыту, барлық саладағы, халықаралық және өңірлік мәселелерге көңіл бөлінді», - деді Елбасы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!