Қазақстанда нашақорлықпен ауыратын 40 мыңнан астам адам тіркеуде тұр

Фотография - Қазақстанда нашақорлықпен ауыратын 40 мыңнан астам адам тіркеуде тұр

Бұл жөнінде бүгін есірткі қылмыстарымен күрес бойынша құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланған Бас Прокуратураның алқа мәжілісінде айтылды.

200 0

Қазақстанда нашақорлықпен ауыратын 40 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Бұл жөнінде бүгін есірткі қылмыстарымен күрес бойынша құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланған Бас Прокуратураның алқа мәжілісінде айтылды.

«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, республикада нашақорлықпен ауыратын 40 мыңнан астам адам медициналық тіркеуде тұр, олардың арасында 314 әйел және 2069 бала бар. 353 бала 14 жасқа толмаған», - деді жиында Бас Прокурор Асхат Дауылбаев.

2012 жылдың басынан бері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 5 мың қылмыс тіркелген. Өткен жылы 329 келіден астам есірткі тәркіленіп, есірткі сатудың 2266 фактісі анықталған.

«Бірақ бұл сандар еліміздегі есірткіге қатысты шынайы жағдайды ашып көрсетпейді», - деп атап өтті Бас Прокурор.

 

bnews.kz сайтынна


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!