Павлодар облысының әкімі өз табысын жария етті

Фотография - Павлодар облысының әкімі өз табысын жария етті

деп хабарлайды  облыс әкімінің баспасөз хатшысы Күнсұлу Исинова. 

223 0

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын «Нұр Отан» ХДП-ның «Өзіңнен баста!» республикалық акциясы аясында өзінің табыстарын жария етті, деп хабарлайды  облыс әкімінің баспасөз хатшысы Күнсұлу Исинова. 

К. Исинованың айтуына қарағанда, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның айлық жалақысы 635 мың 506 теңге көрінеді. Әкімнің Астанада 4 бөлмелі, Павлодарда 4 бөлмелі пәтері және гаражы бар.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғановтың орташа айлығы 357 мың теңге. Әкім орынбасарының Алматыда үйі, Астанада пәтері бар, «Тойота Ленд Крузер 100» және «Мерседес Гелендваген» автомашиналарының иесі.

Павлодар облысы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары Арслан Әбдіқалықов айына 350 мың теңге жалақы алады. Павлодарда 1 бөлмелі пәтердің 4/1-іне иелік етеді. Осы пәтердің 4/1 әкім орынбасарының жұбайына тиесілі, және ол кісі тағы да екі  4 бөлмелі пәтердің қожайыны.

Павлодар облысы әкімінің ауылшаруашылығы бойынша орынбасары Нұржан Әшімбетовтың жалақсы 400 мың теңге. Оның атында Павлодарда 4 бөлмелі пәтер тіркелген, және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» облыстық филиалында 1 млн 72 мың теңге салымы бар. Н.Әшімбетовтың жұбайының атында  облыс орталығындағы 3 бөлмелі пәтер жазылған.

Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Арын Орсариевтің айлығы 401 мың теңге. Оның Астанада 2 бөлмелі пәтері және Ақмола облысында 10 сотық жері бар.

«Нұр Отан» ХДП Павлодар облысындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Владимир Берковский айына 210 мың теңге жалақы алады. Оның облыс орталығында 3 бөлмелі пәтері және гаражы бар.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!