Жекеменшікке жер телімін беру тәртібі өзгереді

Фотография - Жекеменшікке жер телімін беру тәртібі өзгереді

Бұл туралы Мәжiлiсте әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң отырысы барысында Өңiрлiк даму вице-министрi Серiк Нокин мәлімдеді.

306 0

Өңірлік даму министрлігі «Жер кодексіндегі» жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру тәртібін өзгертпек. Бұл туралы Мәжiлiсте әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң отырысы барысында Өңiрлiк даму вице-министрi Серiк Нокин мәлімдеді.

«Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға кезекке тұрғандарға байланысты Бірыңғай азаматтарды сыныптауышты жасау мәселесіне тоқталайық. Қазіргі уақытта жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтар саны 1 млн 300 мыңға жетті. Жер кодексіне сәйкес азаматтар арнайы тіркеуге алынып, кезегі жеткен уақытта инженерлік желілермен қамтылған аумақтардан оған жеке тұрғын үй құрылысына жер телімі беріледі», - деді С.Нокин.

Вице-министр Жер кодексінде өтініш берген азаматтардың қажеттілік критерийі мен тәртібі, оларды есептен алып тастау негіздемелері көрсетілмегендігін тілге тиек етті.

«Бұған қоса, жер учаскесін түгел отбасына, не болмаса жанұяның әрбір мүшесіне жеке берілуі қажетігі мәселесі шешілмеген. Қазіргі уақытта  Мәжілістің қарауында жатқан «Жер қатынастары туралы» ҚР Заңының аясында Өңірлік даму министрлігі тарапынан Жер кодексіне тиісті өзгерістерді енгізу мәселесі қарастырылып отыр», - деді Өңірлік даму вице-министрі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!