Тегін жер алу кезегінде 1 млн. 300 мың адам тұр

Фотография - Тегін жер алу кезегінде 1 млн. 300 мың адам тұр

Парламент Мәжілісіндегі Әлеуметтік мәдени даму комитетінің отырысында Өңірлік даму министрлігінің вице-министрі Серік Нокин осылай деп мәлімдеді

296 0

Парламент Мәжілісіндегі Әлеуметтік мәдени даму комитетінің отырысында Өңірлік даму министрлігінің вице-министрі Серік Нокин осылай деп мәлімдеді. 

- Әлем бойынша жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленетін Қазақстан халқының саны аз болғанымен, мемлекет өз азаматтарын тегін берілуі тиіс 10 соттық жермен қамтамасыз ете алмай отыруы қисынды да қисынсыз дер едім. Өйткені, заң бойынша жер телімі тегін үлестіріледі. Алайда, жұртқа берілетін жердің жай күйі қалай, қандай жерден беріледі? Міне, бұл басты мәселе, - деді вице-министр.

Оның айтуына қарағанда ел азаматтарының көкейінде жүрген 10 соттық жерді тегін алу құқына сүйеніп, 17 миллион халықты жермен жарылқап тастау түк емес көрінеді. Кез-келген үлестірілетін жердің инфрақұрылымдық жағдайын алып қарасақ сын көтермейді. Қайсыбір ірі қалалардың маңынан бірілетін жерге сұраныс тым жоғары болса, кей жерлерге сұраныс мүлдем жоқ. Осы жағынан келгенде шағын қалалар мен елді-мекендердегі инфрақұрылымды дамыту жүйесі арқылы жұртқа тиесілі тегін жер телімі берілетін болады. Ал инженерлік құрылымдарды жүргізу үшін көлемді қаржылық қолдау керек.

- Демек, бұл мемлекеттің қолдауымен ақырындап жүзеге асатын үлкен жобалардың санатына жатады, - деп түйіндеді Серік Кеңесұлы.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!