Қаза тапқан шекарашыларға өтемақы төлене бастады

Фотография - Қаза тапқан шекарашыларға өтемақы төлене бастады

 деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі

127 0

Арқанкерген шекара бекетіндегі оқиғада қаза тапқан шекарашылардың туыстарына өтемақы беріле бастады деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.

"Өтемақыны 14 отбасыға беріледі. Бес жанұяға қазірдің өзінде өтемақы жіберілді. Қалғандарының құжаттары жасалып жатыр, оларға өтемақы жақын күндері беріледі" дейді ҰҚК.

Бұған дейін Арқанкергенде қаза тапқан шекарашы сарбаздар отбасына 800 мың теңге, ал келісім-шартпен қызмет істеген әскери қызметкерлер мен офицерлер отбасына бес жылдық жалақысының көлеміндегі өтемақы төленетіні хабарланған еді.

2012 жылғы мамырдың 30-ы күні Алматы облысында қазақ-қытай шекарасында орналасқан Арқанкерген шекара посты түк қалмай өртеніп, сол маңнан 14 шекарашы мен 1 қорықшы - барлығы 15 адамның мәйіттері табылғаны туралы мәлім болды. Бұл қылмысқа қатысты сол шекара бекетінде қызмет еткендерден тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах қаза тапқандардың өліміне айыпты деп танылып, сот оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!