«Хрущевкаларға» қайта ораламыз

Фотография - «Хрущевкаларға» қайта ораламыз

Қазақстанда кедейлерге арналған тұрғын-үйлері бар шағынаудандар салуды ұсынылды.

173 0

Қазақстанда кедейлерге арналған тұрғын-үйлері бар шағынаудандар салуды ұсынылды.

Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында төменгі палатаның депутаты, Коммунистік халықтық партиясы фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметов: «Тұрғын үймен қамтамасыз ету практикасы бұрын болған. Сіздер білесіздер, Хрущев бұл істе «хрущевкалар» салу арқылы шеберлік танытты. Бұл үйлерде әлі күнге дейін азаматтарымыз мекен етіп жатыр. Жылы, ыңғайлы осындай үйлермен қамтамасыз ету практикасы жаңа үйлермен қамтамасыз етуде бәсекелестікті арттырады. Осы мәселе бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін неге осы практикаға сүйенбеске?» деп Өңірлік дамыту вице-министрі Серік Нокинге сауал тастады.

Депутат Ж. Ахметбековтың пікірінше, кірісі төмен, әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындарға Қытайдағы тәрізді бір типті үйлерден жеке шағынаудандар салуға болады екен.

Ал С.Нокиннің мәлімдеуінше, бұл сұрақ министрлікте қарастырылған. Бірақ, белгілі бір деңгейде қиындықтар бар екен.

«Біз «Қолжетімді баспана» бағдарламасында 4-ші және 3-ші санатты тұрғын үйлердің барлығын қарастырдық. Ол жерде 9 бағыт бар. Бірақ, барлығы да қаржыға келіп тіреледі. Бәрінен де бұрын инженерлік коммуникацияларды жеткізу қиын. Әлеуметтік немесе коммерциялық тұрғын үйлер болсын, инженерлік жеткізу (электр, байланыс желілері, құбыр тарту Авт.) өте қымбатқа түседі» дей келе: «Біз қазір тұрғызылатын шағынаудандарға инженерлік жабдықтауды бірнеше жыл бұрын жеткізді ойластырудамыз. Дегенмен 4 санатты тұрғын үйлердің сырты заманауи талаптарға сәйкес болуы тиіс. Біз ол үйлерді қалай болса солай сала алмаймыз. Турасын айтсақ, біз негізінен 1-2-3 бөлмелі ауданы шағын «хрущевкаларға» қайта оралудамыз. Тіпті, аумағы 73 шаршы метр болатын 4 бөлмелілері де бар. Біз оларға осындай шекті көлем бекіттік» деді вице-министр С.Нокин.

Сондай-ақ вице-министр «Қолжетімді баспана» бағдарламасының осындай жобадағы тұрғын үйлері келесі жылы қолданысқа берілетінін де атап өтті.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!