Полицейлер жұмысқа қабылдану барысында «жалғандық детекторынан» сыннан өтеді

Фотография - Полицейлер жұмысқа қабылдану барысында «жалғандық детекторынан» сыннан өтеді

Бұл туралы бүгін құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты тұжырымдамасын талқылау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті

272 0

Бүгіннен бастап полицейлер жұмысқа қабылдану барысында «жалғандық детекторынан» сыннан өтеді. Бұл туралы бүгін құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты тұжырымдамасын талқылау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

«Бүгін «Құқық қорғау органдары мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Онда қызметке қабылдану, сонымен қатар аттестаттау және қызметтік тексеру барысында «жалғандық детекторынан» міндетті өту бекітілген», - деді ол.

Бас прокурордың атап өтуінше, бұл құқық қорғау органдарын реформалау аясында жүзеге асырылып жатқан шаралардың бірі. Болашақта барлық құқық қорғау жүйесін түбегейлі жаңғырту өз жалғасын табатын болады,

«Қазіргі уақытта құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасын, сонымен қатар Кадр саясаты тұжырымдасын әзірлеу аяқталуға жақын», - деді А.Дауылбаев.

Оның сөзіне қарағанда, тұжырымдаманың басты аспектісі іріктеудің, аттестациялаудың жаңа жүйесі болмақ. Лауазымды қызмет иеленуде тең мүмкіндіктер беру үшін барлық бос орындар мен біліктілік талаптары барша ашық болады. Бұған қоса Бас прокурордың айтуынша, бекітілген талаптарға сәйкес әрбір қызметкер өзінің деңгейі жететін лауазымды қызметке кандидатурасын ұсына алады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!