Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бақылау жеңілдетіледі

Фотография - Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бақылау жеңілдетіледі

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей  мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады

265 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей  мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық туралы осы келісімге 2009 жылдың қыркүйегінде Орынбор қаласында қол қойылған. Аталған құжатта формальдылықтар мен бақылау ұзақтығын қысқарту, сондай-ақ оның тиімділігін жеке тұлғалар мен көлік құралдарының Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өтуі кезінде бірлескен бақылауды жүргізу жолымен арттыру көзделеді.

Бұл ретте екі тараптың бақылау органдары заңнамалық бұзулар немесе бұзуға әрекеттенулер фактісін растау үшін дәлелдемелер жинауды қамтамасыз ету мақсатында бір-біріне қажетті көмек көрсетеді.

«Келісімді ратификациялау шекарадағы бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына қолайлы жағдай туғызады. Сонымен бірге, екі мемлекет арасындағы тауар айналымын арттырады», - дейді Қаржы министрі Болат Жәмішев. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!