Астанада белсенділер Барак Обамаға хат жіберді

Фотография - Астанада белсенділер Барак Обамаға хат жіберді

Бүгін Астанада "Алдаспан" клубының белсенділері АҚШ елшілігіне Құрама Штаттар президенті Барак Обаманың атына хат тапсырды. Бұл туралы осы клуб жетекшісі Ұлан Шәмшет хабарлады.

138 0

Бүгін Астанада "Алдаспан" клубының белсенділері АҚШ елшілігіне Құрама Штаттар президенті Барак Обаманың атына хат тапсырды. Бұл туралы осы клуб жетекшісі Ұлан Шәмшет хабарлады.

Оның айтуынша, белсенділер хатта Бостон марафонындағы жарылыстарды тергеу ісіне кедергі келтірмек болды деп айыпталып қамауда отырған қазақстандық Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың ісін әділ тергеуді және әділ сот өткізуді сұраған. 

Белсенділердің хат тапсырғанын Азаттық тілшісіне АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі де растады. Елшіліктің баспасөз қызметкері хат тапсырылғанын және оның Вашингтонның қарауына жіберілетінін айтты.

Ұлан Шәмшеттің айтуынша, хат тапсыру акциясына 15 адам жиналған. Хатқа 65 адам қол қойған.

Сәуірдің 15-і күні Бостон қаласында марафон кезінде бомба жарылысынан 3 адам мерт болып, 260-тан астам адам жараланды. Полиция жарылысқа күдіктілер ретінде ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтарды атады. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты. Ал Джохар Царнаев сәуірдің 19-ы күні Бостон қаласының шетінде ұсталды.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!