Түркия саябаққа "Абылай хан" атауын берді

Фотография - Түркия саябаққа "Абылай хан" атауын берді

Бұл туралы İhlas Haber Ajansı басылымы хабарлады.

168 0

Түркиядағы Нидэ қаласындағы кіреберіс саябаққа Абылай хан аты берілді. Бұл туралы İhlas Haber Ajansı басылымы хабарлады.

«Нидэ аймағының әкімі Фарук Акдоған Илханлы жұмыстың қызу жүріп жатқанын айтты. Абылай хан саябағындағы құрылыстың аяқталуға жақын екенін мәлімдеген Фарук Акдоған: «Ескі Кайсері көшесінде орналасқан алаңның жалпы аумағы 5000 шаршы метр. Бұл жер бір жыл бұрын Нидэ аймағының жері емес болатын. Кейіннен мемлекет меншігіне алып, мүлік құны үшін 500 мың түрік лирасын төледік. Алаңның ішіндегі қоқыстарды тазалап, саябаққа айналдыру үшін жұмыс істеп жатырмыз» деп сұхбат берді».

Фарук Акдоғанның сөзіне сенсек, құрылыс жұмыстары 15 күн ішінде бітуі мүмкін. Саябақтың ішінде субұрқақтар мен сарқырама салу жоспарланып отыр. Қала әкімшілігі Абылай хан саябағы кіреберісте орналасқандықтан, барынша әдемілеуге тырысып жатқан сыңайлы. Фарук Акдоған да бұны нақтылай түсіпті:

«Қонақтардың қалаға келгендегі ең алғашқы әсері өте маңызды. Сондықтан, кіреберістегі Ескі Кайсері көшесінен бастап қаланы әдеміледік. Бұл көшенің Айдынлык көшесімен қиылысатын тұсындағы ескі үйлер көзге қораш көрінетін. Алаңды мемлекет меншігіне сатып алу арқылы әрі бұл жақты тазаладық әрі саябаққа айналдырып отырмыз. Алдағы уақытта саябақтың құрылысы аяқталған соң, көшедегі айналма жолдың жұмысын бастап кетпекпіз.

Саябақтың атын «Абылай хан» деп атауды жоспарлап отырмыз. Оның ішіне Абылайдың ескерткішін орналастыру да жоспарда бар. Абылай хан – түркі тарихында өз орны бар, ел басқарған тұлға. Оған қоса, Нидэнің Қазақстанда туысқан қаласы бар. Бірақ, Шымкенттен бізге, Нидэден ол жаққа ұзақ уақыттан бері ешкім барған жоқ. Иншыалла, 2014 жылы туысқан қаламызға сапарлап қайтуды жоспарлап отырмыз».

Нидэ қаласы Түркияның орталығында орналасқан. Халқының саны 114 мыңнан асып жығылады. Кезінде Нидэ аймағы сауда-саттықтың қызу орталығы саналған. XIII ғасырда Анадолыдағы ең үлкен қалалардың бірі болған. Осындай тарихи шаһарда қазақтың тарихи тұлғасы Абылай ханға арнап саябақ ашуы қуантарлық жаңалық.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!