Қазақстан Чехиямен құқықтық көмек келісімін бекітті

Фотография - Қазақстан Чехиямен құқықтық көмек келісімін бекітті

Оған еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Чех Республикасының Әділет министрі Павел Блажек және Бас прокуроры Павел Земан қатысты

158 0

Бүгін Елордадағы Бас прокуратура ғимаратында Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім шартқа қол қою рәсімі болып өтті. Оған еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Чех Республикасының Әділет министрі Павел Блажек және Бас прокуроры Павел Земан қатысты. 

Қазақстан мен Чехия арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімнің мазмұны қазақстандық және чехтық құзырлы органдарға өзара белсенді құқықтық көмек көрсетуге рұқсат беру мүмкіндігін қарастырады. Сондай-ақ, ол өзіне қылмыстық қудалауды, дәлеледемелерді жинауды, қудалау және жаза сұрау салушы тараптың юрисдикциясына жататын қылмыстылыққа қатысты соттық талқылауды қамтиды.

Тараптардың атап өтуіне сүйенсек, құжатқа қол қою екіжақты құқықтық қатынасты едәуір жаңа деңгейге шығарады және шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейіп күшейуіне ынталандыратын көрінеді.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!