Италияда Әблязовті іздеп жатыр

Фотография - Италияда Әблязовті іздеп жатыр

Италия құқық қорғау органдары қуғындағы саясаткер, банкир Мұхтар Әблязовті іздестіріп жатыр деді бүгін бас прокурор Асхат Дауылбаев

94 0

Италия құқық қорғау органдары қуғындағы саясаткер, банкир Мұхтар Әблязовті іздестіріп жатыр деді бүгін бас прокурор Асхат Дауылбаев.

"Қазір Италияның құқық қорғау органдары Әблязовті және өзге де жасырынып жүрген тұлғаларды іздестіру және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Егер тұрғылықты жерлері анықталса, онда оларды Қазақстанға әкелу жағын қарастырамыз" деген Дауылбаев.

Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуа Әблязова Рим қаласы маңында тұрып жатқан жерінен 1 маусымда Қазақстанға депортацияланған еді. 3 маусымда бас прокуратура Алма Шалабаевадан Алматы қаласынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынғанын хабарлаған.

Ал маусымның 4-і күні Атырауда арасында көші-қон полициясының қызметкерлері бар бір топ адам Әблязовтің туыстарына жалған құжат жасау ісіне қатысты сотталды.

"БТА банк" директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныс тепкен. Кейінірек Ұлыбритания оған саяси баспана берді. Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!