Қытайлықтар Алакөлде демалыс орнын салмақшы

Фотография - Қытайлықтар Алакөлде демалыс орнын салмақшы

Қытайлықтар Алакөлде демалыс орнын салмақшы! Трансшекаралық туристік жобаны Қытай басшылығы да қолдаған.

161 0

Қытайлықтар Алакөлде демалыс орнын салмақшы! Трансшекаралық туристік жобаны Қытай басшылығы да қолдаған.

Чжоу ли Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуінде жоба екі елдің ынтымақтастығын күшейтуге бағытталғанын айтқан. Белгілі болғандай, Синьцзянь – Ұйғыр автономиялық республикасының жетекшілері Қытай басшылығына бірнеше рет жобаны ұсынған.

Елшінің айтуынша, он күн бұрын Қытай елшілігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ұсынысын жолдаған. Онда Қытай тарапы жобаны толық қаржыландыруға дайын екені айтылып, Қазақстаннан тек қолдау сұраған.

Ал, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс аумағында Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен 43 өнеркәсіп жұмыс істейтінін айтты. Өткен жылдың тауар айналымының көлемі 1,2 миллиардқа жеткен. Қазір Қытай шығыстағы бал мен омарташылық өнім аясында екі жақты келісім жасап жатқан көрінеді.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!