Серік Ахметов «Pro Team Astana» велокомандасының мүшелерін қабылдады

Фотография - Серік Ахметов «Pro Team Astana» велокомандасының мүшелерін қабылдады

  ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Pro Team Astana» велокомандасының мүшелері Винченцо Нибали, Максим Иглинский, Паоло Тиралонгоны және команданың бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады,

103 0

 ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Pro Team Astana» велокомандасының мүшелері Винченцо Нибали, Максим Иглинский, Паоло Тиралонгоны және команданың бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады,

деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Үкімет басшысы команданы «Джиро д'Италия-2013» Гранд-турда айқын жеңіске жетулерімен құттықтап, одан әрі де жоғары спорттық көрсеткіштерге қол жеткізе берулеріне тілектестік білдірді.

«Біз үшін «Астана» велокомандасының дүниежүзілік Гранд-турларға қатысуы аса маңызды,  сондықтан, біз командамыздың табыстарын жіті қадағалап отырамыз және оған бұдан әрі де жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз», - деді С.Ахметов.

А.Винокуров Премьер-Министрге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, «Астана» велокомандасының жеңісі команданың әлемдегі мықтылардың бірі екенін тағы бір дәлелдегендігін атап өтті.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!