Алматыда "борышкерлер" банк кеңсесінде акция өткізді

Фотография - Алматыда "борышкерлер" банк кеңсесінде акция өткізді

Бүгін Алматыда "Каспий банктің" бас кеңсесі алдында "Халыққа баспана қалдырайық" қозғалысының белсенділері акция өткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.  Акцияға қатысқан қозғалыстың 30-ға тарта өкілі банктен ипотекалық несие бойынша алған үйлерінің қарызын жабуды талап еткен. Оқиға орнында болған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кейбір белсенділер банк кеңсесіне кіріп, басшылықпен келіссөз жүргізген. Келіссөз жүргізген белсенділердің айтуына қарағанда, банк басшылығы 10 маусымнан бастап борышкерлермен талаптары бойынша жеке-жеке келіссөздер жүргізуге ниетті екенін білдірген. Акцияға қатысушылардың арасында басқа банктерде "қарызымыз бар" дегендер де болды. Олар алда қарызы бар банктер алдында да осындай акциялар өткізуді жоспарлап отыр.

142 0

Бүгін Алматыда "Каспий банктің" бас кеңсесі алдында "Халыққа баспана қалдырайық" қозғалысының белсенділері акция өткізді. 

Акцияға қатысқан қозғалыстың 30-ға тарта өкілі банктен ипотекалық несие бойынша алған үйлерінің қарызын жабуды талап еткен. Кейбір белсенділер банк кеңсесіне кіріп, басшылықпен келіссөз жүргізген.

Келіссөз жүргізген белсенділердің айтуына қарағанда, банк басшылығы 10 маусымнан бастап борышкерлермен талаптары бойынша жеке-жеке келіссөздер жүргізуге ниетті екенін білдірген.

Акцияға қатысушылардың арасында басқа банктерде "қарызымыз бар" дегендер де болды. Олар алда қарызы бар банктер алдында да осындай акциялар өткізуді жоспарлап отыр.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!