Сенат Төрағасы Швеция Елшісімен кездесті

Фотография - Сенат Төрағасы Швеция Елшісімен кездесті

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Манне Вэнгборгты қабылдады. Сенат Төрағасы Елшіні жыл сайын 6 маусымда аталып өтілетін Швецияның Ұлттық күнімен құттықтады.

195 0

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Манне Вэнгборгты қабылдады.

Сенат Төрағасы Елшіні жыл сайын 6 маусымда аталып өтілетін Швецияның Ұлттық күнімен құттықтады.

Кездесуде кейінгі жылдары Қазақстан мен Швецияның байланыстары қарқынды дамып келе жатқаны аталып өтілді. 2010 жылы Швецияның Астанадағы Елшілігінің ашылуы екі елдің өзара іс-қимылының кеңеюі мен тереңдей түсуінің маңызды көрінісі болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес біздің еліміз де таяу болашақта Стокгольмде өз Елшілігін ашуды жоспарлап отыр.

Жүздесушілер сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты. Швед депутаттары бірнеше рет Қазақстандағы сайлауға байқаушылар миссиялары құрамында болған еді. Одан басқа, екі елдің делегациялары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында өзара іс-қимылды жалғастырып келеді.

Қ.Мәми қазақстандық парламентшілердің Швецияның Риксдагымен сындарлы үнқатысу мен жемісті ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделі екенін білдірді.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!