Астана мен Алматының көшелерінің бірін қазақ дипломаты Н. Төреқұлұлының есімімен атау ұсынылмақ

Фотография - Астана мен Алматының көшелерінің бірін қазақ дипломаты Н. Төреқұлұлының есімімен атау ұсынылмақ

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде көрнекті қазақ дипломаты Нәзір Төреқұлұлының 120 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

118 0

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде көрнекті қазақ дипломаты Нәзір Төреқұлұлының 120 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Екі сессиядан тұратын конференция барысында қатысушылардың ұсыныстары қарар ретінде қабылданбақ. Қарар жобасында Астана мен Алматы қалаларындағы көшелерге Нәзір Төреқұлұлы есімін беру, қазақ дипломатиясы жайында деректі фильм түсіру, Қазақстанның бірқатар ЖОО-ларында қазақ дипломатының мұрасын терең зерттейтін ғылыми орталықтар ашу, осы бағытта зерттеу жүргізіп жүрген студенттер мен магистранттарға шәкіртақы тағайындау сынды бірқатар ұсыныстар енгізілген.

«Бүгінгі конференцияның танымдық, академиялық маңызымен бірге, үлкен рухани маңызы бар. Біз беделді жерлесіміз, талантты дипломат, қазақ дипломатиясының бастауында тұрған ардақты адамның рухына тағзым етіп отырмыз. Нәзір Төреқұлұлының өмірі мен шығармашылығы Қазақстанның қазіргі және болашақ дипломаттары үшін әрқашан үлгі болып қалмақ. Ол бұрыңғы КСРО мемлекетінің алғашқы елшілерінің көшінде болған аса білімдар, даңғыл азамат болды», - деді министр.

«Нәзір Төреқұлұлының мақалалары мен еңбектері аса жоғары танымдық мазмұнымен қатар, терең талдау және тамаша стилімен ерекшеленетін. Сауд Арабиясында ұзақ 8 жыл бойы елшілік еткен тұсында оның бірегей таланты бұрын-соңды болмаған деңгейде ашылды. Оның еңбектері, РФ мұрағаттарындағы құжаттары бұдан әрі тереңірек зерттелетін болады», - деп түйді сөзін Е.Ыдырысов.

Қайраткер ғалым ретінде отандық тіл білімі саласына үлкен үлес қосты. Оның «Жат сөздер», «Ұлт мәселесі және мектеп», «Қазақ-қырғыз үшін жаңа әліпби» сынды еңбектері мен өзге де мақалаларында емле, әліпби, терминология жүйесі ғылыми негізде талданып отырады. Сондай-ақ қаламгердің әдебиет туралы пікірлері де ерекше. Ол С.Сейфуллиннің «Асау тұлпар», «Бақыт жолына» атты шығармаларына, өзбек каламгері А. Қадыридің еңбектеріне сын жазды. Өзбектің «Инқилоб» атты журналына жазған ислам діні, жәдитшілдік, Түркістан тарихы туралы мақалалары ғылыми нақтылығымен көзге түседі. Қайраткер 1937 жылы 15 шілдеде ұсталып, 3 қарашада атылды.  


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!