Қазақтар Нидерландта өткен мульти мәдени фестивальға қатысты

Фотография - Қазақтар Нидерландта өткен мульти мәдени фестивальға қатысты

Жақында Голландияның Роттердам қаласында еуропалық мульти мәдени «Multifestijn» фестивалі өтті. Оған Нидерланд Корольдігіндегі ҚР Елшілігі белсенді қатысты 

156 0

Жақында Голландияның Роттердам қаласында еуропалық мульти мәдени «Multifestijn» фестивалі өтті. Оған Нидерланд Корольдігіндегі ҚР Елшілігі белсенді қатысты 

Фестиваль шеңберінде ұйымдастырушылар концерттер, мәдениет пен көркемөнер бойынша ашық стендтер ұйымдастырып, әлемнің әртүрлі халықтарының тағамдарын ұсынды. Іс-шараға белсенді қатыса отырып, қазақстандық жағынан іс-шара қонақтарына еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени жетістіктері туралы, сонымен бірге ұмытылмас әсер қалдырған табиғи байлықтары мен жер бедерлігінің көркемдігі, тарихы, дәстүрі және бай мәдени мұрасы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік берген. Қазақстан жайында ақпараттық, бейнелік мәліметтер орнатылған үлкен залдың ортасында стенд орналасты.

Іс-шараның Нидерланд қоғамында маңыздылығы аса зор. Ол этносаралық және конфессияаралық қатынас мәселесі, бір-біріне толеранттық қатынастар мәселесі күн тәртібінде басымдыққа ие. Осыған орай, 2007 жылдан бастап өтіп келген мульти мәдени форум жыл сайын көбейіп келе жатқан голландтықтардың назарын аударуда.

Аталған мульти мәдени фестиваль көп этникалық үлкен тәжірибелі қарым-қатынасы бар Қазақстан мен Нидерланд қауымның толеранттық және көп конфессиялық үлгісін көрсетті.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!