Қазақстан президенті әйелдердің зейнет жасын көтеру туралы заңды парламентке қайтарды

Фотография - Қазақстан президенті әйелдердің зейнет жасын көтеру туралы заңды парламентке қайтарды

 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламентке 2014 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 ден 63 жасқа көтеруді қарастыратын заңды пысықтауды тапсырды.  Бұл туралы Назарбаев жұма күні республикалық телеаранларда мәлімдеме жасады.

247 0

Ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасын теңестіру туралы мәселе қазіргі ең өзекті тақырыпқа айналды. Мұның себебін мен Үкімет пен Ұлттық Банк іс-әрекетінің олқылығынан да көремін.

«Жалпы, мен Үкімет пен Ұлттық банктің жаңа зейнетақы заңнамасын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмысына оң баға бере алмаймын», - деп атап көрсетті ол.

«Бірақ, зейнетақы жүйесін реформалау аспектілерінің бәрі жете ойластырылған дей алмаймын. Конституция берген өкілеттіктеріме сәйкес, әйелдердің зейнет жасын өсіру туралы норманы қайта талқылау үшін Парламентке қайтарамын», - деді президент.

Мен зейнет жасын кезең-кезеңмен ұзартуды 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастауды ұсынамын. Осыған байланысты Үкіметке халыққа қажет заң мәселелерін одан әрі пысықтап, дамытуды тапсырамын.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!