Түркиядағы қазақстандық туристерді елге жеткізуге кететін шығындарды ҚР Үкіметі өз мойнына алды

Фотография - Түркиядағы қазақстандық туристерді елге жеткізуге кететін шығындарды ҚР Үкіметі өз мойнына алды

Түркиядан қазақстандық туристерді елге жеткізуге кететін шығындарды ҚР Үкіметі өзі өтейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.  

195 0

Түркиядан қазақстандық туристерді елге жеткізуге кететін шығындарды ҚР Үкіметі өзі өтейді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұған дейін хабарланғандай, 6 маусым күні «Sky Airlines» Түркия әуекомпаниясының банкротқа ұшырауына байланысты бір мыңнан астам отандасымыз Түркиядан Қазақстанға қайта алмай қалды.

Қазақстан Республикасының Анталиядағы консулдығының мәліметтеріне сәйкес, 8 маусымдағы жағдай бойынша, түрік елінде дәл осы әуекомпаниясынан билеттерді сатып алған 1077 қазақстандық болды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты азаматтарымызға көмек көрсету үшін ҚР Үкіметінде арнайы кеңес өтіп, оның нәтижесі бойынша Төтенше жағдайлар министрлігіне қазақстандықтарды Анталиядан әкелуге екі ұшақты жіберу жүктелді.

8 маусымда  Алматы мен Астанаға 220-дан астам адамның ұшып шығуы жоспарланды, олардың денін әйелдер, балалар, қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі жандар құрады. 9 маусым күні Алматы мен Астанаға 260-тан астам адамды алып келу жоспарлануда. Сондай-ақ 10 маусымда 182 адам - Ақтөбеге, 11 маусымда 210 адам - Астанаға, 202 адам Алматыға жеткізілетін болады. Атап өту керек, аталмыш ұшулармен болатын шығындарды ҚР Үкіметі өз мойнына алды.

Аталған мәселені шешу үшін ҚР-дың Түркиядағы барлық дипломатиялық өкілдіктерінің кадрлары жұмылдырылды. Анталияға Анкара мен Ыстамбұлдан ҚР-дың консулдары аттанды.

Жергілікті туроператорлармен, атап айтқанда, «Куалитум Тур» компаниясымен болған келіссөздердің нәтижесінде, қазақстандықтар ұшып шыққанға дейін оларды қонақүйлерде тегін орналастыруға қол жеткізілді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!