Оңтүстікқазақстандықтар жемқорлық фактілері туралы «жеткізіп тұрудан» көшбасшылар

Фотография - Оңтүстікқазақстандықтар жемқорлық фактілері туралы «жеткізіп тұрудан» көшбасшылар

Оңтүстік Қазақстан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлар үшін сыйақы алатын тұлғалардың саны бойынша көшбасшы болды.

199 0

Оңтүстік Қазақстан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлар үшін сыйақы алатын тұлғалардың саны бойынша көшбасшы болды.

Қаржы полициясы департаментіне шенеуніктер мен өзге лауазымды тұлғалардың заңға қарсы әрекеттері туралы арыз-шағымдарымен ондаған адам келді, 17 жағдай бойынша фактілер расталды. Бүгінгі күнге дейін 4 қылмыстық іс бойынша соттың шешімі шықты.

Мысал үшін, тұрғындардың көмегімен Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының сот отырыстарының хатшысы-бас маманы сотталды. Ол қылмыстық қудалауды тоқтату үшін, оның құзырына мұндай мәселелерді  шешу кірмесе-дағы, алаяқтық жолмен 100 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Оған мүлкін тәркілей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Айта кетейік, сыйақылардың көлемі қылмыстың ауырлығына байланысты болады. Оңтүстік Қазақстанның бірнеше тұрғынына 121 170 теңгеден тағайындалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!