ҚР зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі заң жобасында қарастырылған тетіктер жетілдіруді қажет етеді - Мәжіліс депутаты

Фотография - ҚР зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі заң жобасында қарастырылған тетіктер жетілдіруді қажет етеді - Мәжіліс депутаты

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты өз пікірімен бөлісті.

265 0

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты өз пікірімен бөлісті.

Ол «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында: «Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесін бүтін қоғам тосты. Зейнетақы реформасы әрбір адамды, халықтың барлық санатындағы, жастағы және мамандықтағы өкілдерін толғандырады», - деп атап өтті.

- Әйелдер үшін зейнеттік жасты арттыруға қатысты түрлі пікірлер айтылды. Көптеген қазақстандық әйелдер қарттық жасына қарай зейнетақылық жинақтамалары неғұрлым көп болуы үшін және балаларына көмектесуге мүмкіндік үшін оны көтеруді қолдады. Адамдардың өмір сүру ұзақтығы артуда, бүгінде 60 жастағы әйел әлі белсенді және осы жастағы бұрынғы әйелдерге ұқсамайды. Дегенмен, әйелдердің көп бөлігі қарсы болды және бұл қазіргі әлеуметтік жағдаймен, жұмысқа орналасуда және адамның денсаулығына қатысты проблемалардың жоқтығымен байланысты.

Біз алдымен, жұмыс орындарының қажетті санын құруымыз тиіс, одан кейін ғана барып зейнетақы жүйесін жаңғыртуды ойлауымыз қажет. Және Президент ол үшін зейнеттік жасты ұлғайтудың басқа мерзімдерін ұсынып отыр. Бұл ретте ол зейнеттік жасты еңбек жағдайына және мамандыққа байланысты белгілеу мәселесін де атап өтті.

Сондай-ақ заң жобасында ұсынылып отырған өзге де, соның ішінде зейнетақы қорларының қызметіне қатысты тетіктер жетілдіруді қажет етеді. Меніңше, біз сарапшылармен, түрлі құрылымдармен және ұйымдармен бірге дұрыс шешімді табатын боламыз.

Еске салайық, 2013 жылдың 7 маусымы күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі бойынша мәлімдеме жасап, Қазақстан халқына Үндеу жолдады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!