Н.Назарбаев Наваз Шарифті Пәкістан Премьер-Министрі болып сайлануымен құттықтады

Фотография - Н.Назарбаев Наваз Шарифті Пәкістан Премьер-Министрі болып сайлануымен құттықтады

деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

157 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Наваз Шарифке Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында ел тұрғындарының парламенттік сайлауға белсене қатысуы және Н.Шариф басшылық жасайтын «Пәкістан Мұсылман лигасы» партиясына қолдау көрсетуі халықтың ол жүргізіп отырған саясатқа сенім артуының айқын айғағы екенін атап өткен.

«Үкіметіңіз ұсынған көлемді саяси және экономикалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы ел дамуының жаңа кезеңіне бастайды», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Пәкістан арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да елдеріміздің игілігі үшін жалғаса беретініне сенімін білдіреді.

Жеделхат соңында Қазақстан Президенті Н.Шарифке денсаулық және қызметіне табыс, ал достас Пәкістан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!