Астанада Италия елшілігі алдында белсенділер ұсталды

Фотография - Астанада Италия елшілігі алдында белсенділер ұсталды

Бүгін Қазақстанның бес қаласынан жиналған он шақты азаматтық белсенді Астанадағы Италия елшілігінің алдына осы елдің үкіметіне хат тапсыру үшін жиналды.

127 0

Бүгін Қазақстанның бес қаласынан жиналған он шақты азаматтық белсенді Астанадағы Италия елшілігінің алдына осы елдің үкіметіне хат тапсыру үшін жиналды.

Хатта белсенділер Италия билігін қуғындағы оппозициялық саясаткер, банкир Мұхтар Әблязовтің әйелі мен қызын депортациялаудың қаншалықты заңды екенін тексеруге шақырған.

Белсенділер елшілік алдында шамамен бір сағаттай тұрған. Бірақ елшіліктен ешкім шықпаған соң белсенділер "Италия сотына ұят" деген ұрандар жазылған плакат алып шыққан. Бұдан соң оларды полиция әкеткен.

Бұған дейін Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен оның кәмелетке толмаған қызы Алуа Әблязованың Рим қаласы маңында тұрып жатқан жерінен 1 маусымда Қазақстанға депортацияланғаны хабарланған еді. 3 маусымда бас прокуратура Алма Шалабаевадан Алматы қаласынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынғанын мәлімдеген.

"БТА банк" директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныс тепкен. Кейінірек Ұлыбритания оған саяси баспана берді. Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.

2012 жылғы ақпанда Лондон соты Мұхтар Әблязовты "сотты құрметтемегені" үшін 22 айға қамауға алып, активтерін құрсаулауға үкім етті. Әблязов апелляциялық шағым жазғанымен, Ұлыбритания соты шешімді өзгертпеді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!