Биыл Спорт туралы жаңа заң қабылданады

Фотография - Биыл Спорт туралы жаңа заң қабылданады

Бұл туралы бүгiн аталған заң жобасын талқылауға арналған конференцияда ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлiм еттi.

178 0

"Дене шынықтыру және спорт туралы" заң 2013 жылдың соңына дейiн қабылданады. Бұл туралы бүгiн аталған заң жобасын талқылауға арналған конференцияда ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлiм еттi.

"Жоспар бойынша, бiз заң жобасын шiлде айында үкiметке жолдауымыз керек. Сонан кейiн заң Мәжiлiсте қаралып, биыл заңды қабылдауымыз қажет", - дедi Е.Қанағатов.

"Бұл заңның ең өзектi тұсы бұқаралық спортты дамытуға қатысты. Орта мектептерде, еңбек ұжымдарында спортқа деген көзқарас түбегейлi өзгеруi керек. Әрбiр еңбек ұжымының басшылығы қызметкерлердiң спортпен айналысуына қажеттi барлық жағдайларды жасауы тиiс", - деп атап көрсеттi Е.Қанағатов.

Оның айтуынша, заң жобасы спорт саласын жоғары деңгейге көтерiп қана қоймай, спортшылардың әлеуметтiк қамтамасыз етiлуiне кепiл беретiн сапалы заң болуы қажет.

"Сонымен қатар заң жобасы спорттық инфрақұрылымдарды дамыту, мамандарды даярлау сынды мәселелердi қамтып отыр. Жоғары санатты бiздiң спорт толағайларымызды және керемет бапкерлер мен жаттықтырушыларымызды әлеуметтiк қорғау мәселесiне үлкен көңiл бөлiнуде. Олар спорттық жарыстардағы нәтижеден кейiн белгiлi бiр әлеуметтiк кепiлдендiрiлуi шарт. Осының барлығы бiздiң заңнамада көрiнiс табатын болады", - дедi ол.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!