Үкімет «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасын қабылдады

Фотография - Үкімет «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасын қабылдады

Біріншіден, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы арқылы жұмыспен қамту жайы қарастырылады

299 0

«Біріншіден, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы арқылы жұмыспен қамту жайы қарастырылады. Бұл механизм 2009-2010 жылдардағы «Жол картасында» қолданған болатын», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова өз баяндамасында.

Оның айтуынша, аталған бағыт шеңберінде азаматтарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, республикалық маңызы бар өзге де нысандарды, инжинерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарын жөндеу жұмыстары арқылы азаматтарды жұмыспен қамту қарастырылған . Сонымен қатар фельдшерлік-акушерлік қосындар құрылысы, ауылдық елді мекендерді абаттандыру арқылы халықты жұмыс орындарымен қамту жоспарланып отыр.

«Жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны есепке алғанда, аталған нысандарды дамытуға қарастырылған қаржының жалпы көлемі 57,6 млрд теңге және 22,5 мың жұмыс орны құрылатын болады», - деп атап өтті Т.Дүйсенова.

Бағдарламаның екінші бағыты ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қарастырады. Бұл бағыт аясында жеке кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіліп, 3 млн теңгеге дейін шағын несиелер берілетін болады. Сонымен қатар, «тірек ауылдарды» кешенді түрде дамыту қолға алынбақ. Әрбір ауылды дамытудың кешенді жоспары жасалады.

«Бірінші бағытпен салыстырғанда бір қосалқы жеке шаруашылыққа берілетін шағын несие көлемі 5 млн теңгеге дейін арттырылмақ. Қарыз алушыға берілетін сыйақы мөлшері 6%-дан аспайтын болады», - деп атап өтті Дүйсенова.

Екінші бағыт бойынша 25,7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланған және 11,4 мың жұмыс орны құрылады деп көзделіп отыр.

«Үшінші бағыт білім беру және қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтуды қарастырады. Көзделіп отырған шаралар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, әлеуметтік аз қамтылған және жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, ҮИИДМБ, БЖК2020, АӨК дамыту және өзге де мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылып жатқан жұмыс орындарын қолдауға бағытталмақ», - деді Дүйсенова.

Үшінші бағыт бойынша 90,1 мың адамды жұмыспен қамтып, оны жүзеге асыруға 23,4 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланған.

«Жалпы алғанда «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» шараларын жүзеге асыруға ағымдағы жылы 110,6 млрд теңге қарастырлған. Мұнда жергілікті атқарушы органдардың бірлесе қаржыландыру көлемі ескерліп отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аталған бағдарламамен 124 мың азамат қамтылатын болады», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!