Испания Қорғаныс министрі Қазақстанда жүр

Фотография - Испания Қорғаныс министрі Қазақстанда жүр

Кеше кешқұрым Астанаға алғашқы ресми сапарымен Испания Қорғаныс министрі Педро Моренес Эулате келді

149 0

Кеше кешқұрым Астанаға алғашқы ресми сапарымен Испания Қорғаныс министрі Педро Моренес Эулате келді.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Әуежайда Испания Корольдігінің Қорғаныс министрін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев күтіп алды.

Бүгін Испания Қорғаныс министрі десанттық-шабуыл бригадасына барды. Шетелдік мейманды ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов қазіргі заманғы қару-жарақ және әскери техника түрлерімен таныстырды.

Испания қорғаныс ведомствосының басшысы қазақстандық әскери қызметшілердің жан-жақты әзірлігі мен кәсіби даярлық деңгейін жоғары бағалады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!