Қазақстан мен Испания әскери-техникалық ынтымақтастығын күшейтуді көздейді

Фотография - Қазақстан мен Испания әскери-техникалық ынтымақтастығын күшейтуді көздейді

 Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді.

227 0

Қазақстан және Испания әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Испания Корольдігінің қорғаныс министрі Педро Моренос Эулатенің Қазақстанға жасап отырған алғашқы ресми сапары барысында министрлер екіжақты кездесу өткізіп, әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Бүгін аталған құжат рәсімделді. Бұдан басқа, біз халықаралық қауіпсіздік және өзара ақпарат алмасу бойынша келіссөздер өткіздік. 2013 жылы тамыз айында өтетін бітімгерлік оқу-жаттығуларына испан сарбаздарының қатысу жайы да сөз болды. Басты мәселе - қорғаныс өнеркәсібі саласында екіжақты ынтымақтастық байланыстарын күшейту», - дейді Ә.Жақсыбеков.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!