Дәнді дақылдардың егіс аумағы 355 мың гектарға қысқарған

Фотография - Дәнді дақылдардың егіс аумағы 355 мың гектарға қысқарған

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысы барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

265 0

Қазақстанда дәнді дақылдардың егіс аумағы 355 мың гектарға қысқарған. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысы барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Көктемгі егіс науқанының қорытындысы дайын. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 21,4 млн гектар аумаққа себілді. Бұл – 2012 жылғы деңгеймен шамалас. Көктемгі егіс көлемі 18,6 млн гектарды құрады. Болжанған көрсеткіш 18,5 млн гектар болатын. Егілетін дақылдарды әртараптандыру тенденциясы күшейтіліп жатқанын атап өткен жөн. Осы жылы астық егілген аумақ 2012 жылға қарағанда 355 мың гектарға қысқарып, 12 млн 657 мың гектарды құрады. Бұған басымдық беріліп отырған майлы, жем-шөп дақылдарының егіс аумағын ұлғайту себеп болып отыр», - деді А.Мамытбеков.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!