Н.Нығматулин Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен кездесті

Фотография - Н.Нығматулин Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен кездесті

 Анкарада өтіп жатқан Түркітілдес елдер парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің (ТүркПА) аясындағы шаралар шеңберінде Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен кездесті

221 0

 Анкарада өтіп жатқан Түркітілдес елдер парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің (ТүркПА) аясындағы шаралар шеңберінде Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен кездесті деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі

 

Түркия – Қазақстанның Тәуелсіздігін бірінші қуана қарсы алған ел. Бүгінде біздің мемлекетіміздің сыртқы саясаттағы басты серіктесі болып табылады.

Жүздесу барысында Түркия Президенті Абдолла Гүл біздің елдің Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларының күллі түркі әлеміне маңызы зор екендігін баса айтып, еліміздің жетістіктерін ерекше бағалады.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы өзекті мәселелерге қатысты көзқарастарын білдірді. Олар түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін өркендетуге ерекше мән берді.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин мен Абдолла Гүл ТүркПАА түркілердің бірігуі мен тығыз байланыста болуына арналған үнқатысу алаңқайы екендігіне бірауыздан келісті.

Мәжіліс Төрағасы Түркітілді елдер Парламенттік Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен құрылғанын айтып, бүгінде түркі халқына стратегиялық серіктестік жолында жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік жасап отырғанына тоқталды.

- ТүркПАА шеңберінде парламентшілер түркі өркениетінің мәдени мұраларын сақтауға ғана күш салып қоймайды, түркітілдес елдердің бүгінгі заман әлемінде ролі арта түсуіне одан ары қарай қызмет етеді,- деп Нұрлан Нығматулин атап өтті.

Биылғы жылы Ассамблеяға төрағалық жасау Түркия жағына өтті. Қазақстандық спикер Түркия тарапын осы бір маңызды оқиғамен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!