Қайрат Мәми Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Павол Пашкамен кездесті

Фотография - Қайрат Мәми Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Павол Пашкамен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астанаға ресми сапармен келген Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Павол Пашкамен кездесті

259 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астанаға ресми сапармен келген Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Павол Пашкамен кездесті. 

Қазақстан мен Словакия таяуда дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толғанын атап өтті. Қ.Мәми атап өткендей, бұл мерзімде өзара сенім мен бір-бірінің мүдделеріне құрметке негізделген достық қатынастар қалыптасып, дамудың үлкен жолынан өтті.


Қазақстан Сенатының төрағасы атап өткендей, екі ел парламенттерінің арасындағы үнқатысу мемлекетаралық өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан Парламентінің Сенаты Словакия Ұлттық кеңесінімен мейлінше тығыз байланыстар орнатуға мүдделі. «Сіздің Парламентте құрамына беделді словак саясаткерлері енген Қазақстанмен достық тобының құрылғанын біз жылы шыраймен атап өтеміз. Жақын арада біз Қазақстан Сенатында Словакиямен ынтымақтастық тобын құруға ниеттеніп отырмыз», - деп атап өтті Қ.Мәми.


Кездесу барысында тараптар көпжақты деңгейде, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және НАТО парламенттік ассамблеялары аясындағы байланыстарды өрістетуге әзірлігін білдірді.


Словакия Қазақстанның келешегі зор экономикалық әріптесі болып табылады, деді Қ.Мәми. Осыған байланысты әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан екі ел арасында тауар айналымының оң сипаты аталып өтілді. Сөйтіп, екіжақты сауда көлемі 2012 жылы 137 миллион долларға жетті. Қ.Мәми атап өткендей, ауыл шаруашылығы, көлік-транзиттік инфрақұрылым, құрылыс, металлургия, химия өнеркәсібі, сондай-ақ машина жасау салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға Қазақстан мүдделі болып отыр.


Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Астана құрылысының зор ауқымын атап өтті. Оның пікірінше, бұл Қазақстанның тұтастай дамуының көрінісі болып табылады. Мәртебелі мейман біздің еліміздің қысқа мерзімде едәуір оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.


Кездесу кезінде П.Пашка Қазақстан мен Словакияның ұқсастығына назар аударды, Словакия Республикасы 20 жыл бұрын тәуелсіздік алып, қарқынды даму жолына түскен болатын. Жаһандық дағдарыс өсіп-өркендеу үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге, оның ішінде халықаралық экономикалық байланыстарды кеңейтуге мәжбүрлейді. Қазақстанға өкілді делегацияны ілестіріп келген П.Пашка Қазақстан-Словакия әріптестігін елеулі түрде үдету ниетін білдірді.


Кездесуде сондай-ақ Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі, іскерлер қауымдастықтары арасындағы байланыстарды өрістету, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара іс-қимылдың келешегі және басқа да тақырыптар бойынша пікір алмасылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!