ҚР Үкімет басшысы Словакия Ұлттық Кеңесінің Төрағасымен кездесу өткізді

Фотография - ҚР Үкімет басшысы Словакия Ұлттық Кеңесінің Төрағасымен кездесу өткізді

Кездесу барысында Қазақстан-Словакия екіжақты қарым-қатынасы, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

159 0

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Павол Пашкамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан-Словакия екіжақты қарым-қатынасы, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр екіжақты байланыстардың ырғақты дамып келе жатқанын ескеріп, Қазақстан мен Словакияның өзара тауар айналымын арттырудағы үлкен мүмкіндіктерін атап өтті.

С.Ахметов сонымен қатар, «экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссия қызметін жандандыра түсу қажет»,-деп атап көрсетті.

Өз кезегінде, П.Пашка Қазақстан мен Словакия ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығына тоқталып, өзара мүдделі қызығушылық тудыратын салалардағы әріптестікті дамытуды қолдайтынын айтты


Тегтер:

премьер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!