К.Мәсімов депуттарға Елбасы ұстанымын жеткізді

Фотография - К.Мәсімов депуттарға Елбасы ұстанымын жеткізді

Бүгін ҚР Әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов Елбасы тапсырмасымен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

122 0

Бүгін ҚР Әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов Елбасы тапсырмасымен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты. 

Аталған жиын барысында Кәрім Қажымханұлы депутаттарға Елбасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамту туралы" заңына қандай ұстанымда екендігін жеткізді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы осынау Заң жобасын жалпы қолдап отыр.

"Десек те, Елбасының өзі атап өткендей, заң жобасын қарауда зейнетақы жүйесін жаңғыртудың барлық тұстары толықтай ойластырылмаған. Әсіресе, бұл әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңмен ұлғайту нормаларына қатысты" деді Президент Әкімшілігінің жетекшісі.

Осы орайда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, Заң жобасын қайта қарау үшін Парламентке кері қайтарды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!