Түркияда банкрот болған компания туристері елге оралды

Фотография - Түркияда банкрот болған компания туристері елге оралды

Қазақстан туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, Анталияда қалған 134 туристі түркиялық "Pegasus Airlines" әуе компаниясы Алматыға 11 маусым күні кешке жеткізген.

246 0

Түркиядан қайта алмай қалған қазақстандық туристердің соңғы легі елге оралды деп хабарлайды.

Қазақстан туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, Анталияда қалған 134 туристі түркиялық "Pegasus Airlines" әуе компаниясы Алматыға 11 маусым күні кешке жеткізген.

Қазақстанның Антальядағы консулдығының деректеріне қарағанда, осымен Түркиядан қайта алмай қалған туристердің барлығы елге келіп бітті.

Өткен аптада түркиялық Sky Airlines әуе компаниясы банкрот болғанын жариялаған соң оның қызметін пайдаланған мыңнан аса қазақстандық турист Түркиядан елге қайта алмай қалған еді. Туристердің көпшілігін Қазақстан өз күшімен елге жеткізген.


Тегтер:

туризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!