Б. Әбілов мұнай және газ вице-министріне 500 мың теңге төлейтін болды

Фотография - Б. Әбілов мұнай және газ вице-министріне 500 мың теңге төлейтін болды

Алматының Медеу аудандық соты «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбіловке Мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаевтың беделіне нұқсан келтіргені үшін 500 мың теңге айыппұл төлету туралы шешім шығарды.

182 0

Алматының Медеу аудандық соты «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбіловке Мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаевтың беделіне нұқсан келтіргені үшін 500 мың теңге айыппұл төлету туралы шешім шығарды.

БАҚ ақпараты бойынша, Берік Толымбаев Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының блогына жазған хабарлама үшін Әбіловті сотқа берген болатын, онда шенеуніктің автокөлік бизнесі бар деп жазылған. Алайда, хабарламаны «Азат» партиясының төрағасы жазғанын дәлелдей алмаған. Осыдан кейін вице-министр Әбіловке онлайн-конференцияда жариялаған ақпаратының жалған екендігін мәлімдесін талап етті.

Толымбаев өз беделіне нұқсан келтіргені үшін 151 миллион теңге талап етті. Сот Әбілов таратқан мәліметтердің шындыққа жанаспайтынына көз жеткізген соң, партия төрағасын бұл ақпараттың жалған екенін жариялауға міндеттеді және бар болғаны 500 000 теңге айыппұл төлеуге шешім шығарды.

«Соттың шешіміне келер болсақ, әрине, қалалық сотқа апелляция беремін. Ал беделіне нұқсан келтіруге келсек – мен айтар едім, керісінше шенеуніктердің әрекетіне төзіп жүрген бізге ақша төлеуі керек», - дейді Б. Әбілов.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!