Астанада дін мәселесіне арналған халықаралық конференция өтуде

Фотография - Астанада дін мәселесіне арналған халықаралық конференция өтуде

Конференцияның маңызы туралы ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф біздің елдеріміз үшін дін мәселесіндегі ортақ мәселелерді талқылаудың және пікір алмасудың шынайы қажеттілігінен туындап отырғанын айтты

180 0

Бүгін Астана қаласында «ТМД елдеріндегі діннің рөлі» атты халықаралық конференция өтуде. Конференцияға Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан Республикасының дін мәселесіне құзырлы органдардың басшылары мен ғалымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Конференцияның маңызы туралы ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф біздің елдеріміз үшін дін мәселесіндегі ортақ мәселелерді талқылаудың және пікір алмасудың шынайы қажеттілігінен туындап отырғанын айтты.

Агенттік төрағасы теріс пиғылды ағымдардың тарауына жол бермеудің және діни экстремизмнің алдын алудың басты құралы дәстүрлі конфессияларды қолдау болып табылатынын атап өтті.

Дін саласындағы сарапшылар ТМД елдеріндегі діни ахуалдарға сараптаулар жасап, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша пікір алысты.

Конференцияның жұмыс барысы «ТМД елдеріндегі Ислам діні», «ТМД елдеріндегі христиан діні», «Буддизм, иудаизм және тағы басқа ағымдар» тақырыптары бойынша пленарлық отырыстарда жалғасатын болады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!