Қазақстан ашық жүрекке бірегей операция жасайтын 22 елдің қатарына енеді

Фотография - Қазақстан ашық жүрекке бірегей операция жасайтын 22 елдің қатарына енеді

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-да «Медицинадағы жаңа технологиялар: пациенттер өмірін арашалаудың бірегей мысалдары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясы шеңберінде ауқымды мәселелер көтерілді, оның ішінде жаңа медициналық технологияларды енгізу, республикадағы ана мен бала өлімі санын төмендету және т.б қаралды.

273 0

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-да «Медицинадағы жаңа технологиялар: пациенттер өмірін арашалаудың бірегей мысалдары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясы шеңберінде ауқымды мәселелер көтерілді, оның ішінде жаңа медициналық технологияларды енгізу, республикадағы ана мен бала өлімі санын төмендету және т.б қаралды.


Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы қызмет көрсету деңгейі, дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, заманауи техникалық құралдармен жабдықталуы тұрғысынан алып қарағанда Орта Азиядаға жетекші клиникалардың бірі болып табылады. Орталық ашылғаннан бері мұнда оннан астам жаңашыл технологиялар енгізілді, жүздеген бірегей кардиохирургиялық операциялар жасалды. Айта кету керек, аталмыш орталықта жылына, орташа есеппен алғанда, 1700 ота жасалатын көрінеді. Сәтсіз жасалатын отаның мөлшері – 2,8-3%. Бұл медицинасы дамыған Еуропа мемлекеттеріндегі көрсеткішпен қарайлас.

Орталықта Қазақстан бойынша тұңғыш рет қан айналымын жасанды сүйемелдеу қондырғылары (HeartMade II), сондай-ақ оның Heart Ware Left Ventricle Assist Device (LVAD) ең соңғы үлгісі – жасанды сол жақ жүрекше орнатыла бастады. Осылай Қазақстан әлемдегі ашық жүрекке бірегей, жоғары технологиялық операция жасайтын 22 елдің қатарына кірді. Орталықта LVAD имплантациясы бойынша 63 операция жасалды. Оның 30-ы трансплантацияға дейінгі буын ретінде, 19-ы толық емдеу әдісі ретінде, ал 3 науқастың толық емделіп, жүрек функциясының қалпына келуіне орай қондырғыны алу жоспарланып отыр. Аппарат имплантацияланған науқастардың 86%-ы 1 жылға дейін өмір сүреді. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көрсеткіш.

Орталық дәрігерлері жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі (ЖФСЖ) бар науқастарға донорлық жүрек трансплантациясын жүргізуге дайын. Ол кардиохирургия саласындағы асқан шеберлік болып табылады. Мұндай операция республикада тұңғыш рет 2012 жылдың тамыз айында Оспанов Жәнібекке жасалды. Операция сәтті өтті. Қазақстанда органдар донорлығы, оның ішінде донорлық жүрек мәселесі шешілген жағдайда жүздеген азаматтың өмірін аман алып қалу мүмкін болар еді. Бүгінгі таңда республикада жыл сайын ЖФСЖ шалдыққан 1 мың науқастың 200-і қайтыс болып отырады.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!