Парламент Сенаты бірқатар заң жобаларын қабылдады

Фотография - Парламент Сенаты бірқатар заң жобаларын қабылдады

 Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысы болды. Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар еліміздің қолданыстағы заңнамалық актілерге жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.

168 0

 Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысы болды. Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар еліміздің қолданыстағы заңнамалық актілерге жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.

Сенаторлар сондай-ақ кейбір заңнамалық актілерге көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды да қабылдады. Отырыс барысында Палата Қазақстан мен Чехия арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Қазақстан – Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Сонымен бірге мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заң және онымен бірге кейбір заңнамалық актілерге мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заң да қабылданды.

Талқылау нәтижесінде, кейбір заңнамалық актілерге оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң да қабылданды.

Кейбір заңнамалық актілерге жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралғаннан кейін мақұлданды.

Заң жобалары бойынша: қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, әділет министрі Берік Имашев және білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев қажетті түсіндірме берді.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!